Биліктен құлатылған Башар Асад отбасымен Мәскеуді паналады
Сирия президенті биліктен құлатылғаннан кейін отбасымен Мәскеуге ұшып барды. Соңғы мәліметке қарағанда, оған баспана берілген. Мұны Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлап отыр.
Асадтың отставкаға кеткенін бірінші болып Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлады. Айта кетсек, Ресей Асадтың негізгі одақтасы болды. Сирияда 24 жыл билік еткен Асад «Хаят Тахрир әш-Шам» тобы өткен тәулікте Дамаскіні де басып алғаннан кейін елінен қашты.
Бұның алдында көтерілісшілер лидері Әбу Мұхаммед Джулани Сирия астанасындағы мешітте сөз сөйлеп, болған оқиғаны аймақ үшін үлкен бетбұрыс деп атады. Бірқатар сарапшылардың ойынша, қазір Сирияның алдында жаңа үкіметті бейбіт жолмен құру міндеті тұр.
Андре Банк, Сирия жөнінде сарапшы:
Бұл - өте тез өрбіген оқиға. Өте тез. Тым тез дер едім. Оған соңғы күндері бәріміз куә болдық. Білесіздер ме, Асадтық елінен қашуы мен ескі режимнің күйреуі шын мәнінде бірнеше сағатта болды. Меніңше қазір Сирияның алдында тұрған басты міндет – көтерілісшілер мен бұрынғы басшылықтың жаңа үкіметті бейбіт жолмен, зорлық-зомбылықсыз құруы.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08