Ақмола облысында туристік агенттік 40-қа жуық азаматты алдап соқты
Ақмола облысында 40 шақты азамат туристік агенттікке алданып, жер сипап қалды. Шетелде демалуды жоспарлаған олар жолдаманы арзан бағаға алдын-ала сатып алмақ болып, әр қайсы 1 млн-нан 5 млн теңгеге дейін қаржы салған. Алайда, жолға шығатын уақыт келгенде туристік агент ізін суытқан.
Күмісжан Тұрғынбаева, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Қолыма бірде-бір құжат алмай, 1 млн теңгені алдын-ала аударып жібердім. Демалыстың уақыты жақындағанда турагент қоңырауымызға жауап беруді қойды. Біз бірден полицияға арыздандық. Кейін барып турагенттен телефон хабарламасы келіп түседі. Онда фирманың қиын жағдайға түскенін, сондықтан шетелге бара алмайтынымызды жазды.
Әлия Біләлова, Ақмола облыстық полиция департаментінің жетекші маманы:
«Сандра Трэйвл» туристік фирмасының басшылығы тарапынан алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша Көкшетау қаласының полиция басқармасы ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бибінұр Әділханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05