Алматыдағы балабақшада бүлдіршіндерге күйген тамақ берген
Алматыдағы №166 бөбекжай балабақшасының аспаздары бүлдіршіндерге әбден күйіп қуырылған картоп берген.
Оны баласын бөбекжайдан алуға барған ата-ана байқап қалған. Сөзінше, бүлдіршін түскі асқа берілген тамақты құсып тастаған. Көңіліне күдік алған ол бөбекжайдың асханасын тексеріп, ыдыстардан күйіп кеткен картопты көрген. Оқиғаны қалалық Білім басқармасы растап, арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. 300 тәрбиеленуші баратын мемлекеттік балабақшада қазір тексеріс басталды.
Раушан Жұрымбаева, ата-ана:
Ол жап-жасыл картоп, асты қатты күйіп кеткен. Бір-екі тарелкада емес, ана жерде қаншама тарелкада болды, фотода көргендей. Балалар жемеді, бүгін осылай болды деп отыр. Бұл бірінші рет емес. Балам үйге барғанда, жатарда ішім ауырды деді. Көп ата-ана түнде қызымның іші ауырды деп айтып жатыр.
Айдана Қуантқан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05