Қазақстан мен Түркия фитосанитарлық бақылауды күшейтпек
Қазақстан мен Түркия кеденнен өткен астық өнімдеріне фитосанитарлық бақылауды күшейтпек. Себебі бұзылған, адам денсаулығына қауіпті вирусы бар тауарлар көбейген. Мәселен Түркиядан жеткізілген жаңғақ, қызанақ, бұрыш, алма, цитрус және жаңа піскен жидектердің сапасыз болып шыққаны анықталды. Соның кесірінен 6 бірдей нысан каратинге жабылды. Жалпы соңғы жылда Қазақстан Түркияға 700 мың тоннаға жуық астық экспорттады. Ал импорт көлемі 40 мың тонна. Елдер арасындағы келісімді бүгін Мәжіліс мақұлдады. Мұндай уағдаластық бұған дейін тек Иран, Әзербайжан және Қытай елдерімен жасалған.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Осы фитосанитариялық бақылау шараларында біз өсімдікті қандай да бір зиянкестерге, вирустарға немесе басқа да бір организмдерге тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Сол кезде әрине, әрбір өсімдіктен табылған организм бұл Қазақстанның жалпы тамақ өнеркәсібіне тиісті кері әсерін тигізеді. Сол себепті біз ол организмдерді ел аймағына кіргізбеуге жұмыс жасаймыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13