ІХ қысқы Азия ойындары: Бүгін қоржынға төрт жүлде түсті
Қытайдың Ябули қаласынан сүйінші жаңалық. Қоржынға екі алтын, бір күміс, бір қола түсті. Жерлестеріміздің тарихи жетістігінің куәсі болып Азиада ойындарының 5-ші күніндегі жетістіктерімізді «Қазспорттағы» әріптесіміз Айбек Намазбаев айтуға дайын. Айбек бізбен Қытайдың Ябули қаласынан қосалады. Айбек, қайырлы күн!
Айбек Намазбаев, тілші:
Қайырлы күн, әріптес! Бүгін Ябулиде өткен жарыстарда Қазақстан қоржынына 4 жүлде түсті. Алдымен фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас пен Аруна Маханова үздік өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов жұбы керемет нәтиже көрсетіп, Қазақстанға алтын медаль сыйлады. Бұл жеңіс фристайл-акробатика тарихындағы маңызды жетістік болып тіркелді.
Шерзод Хаширбаев, IХ қысқы Азия ойындарының жеңімпазы:
Барлығы керемет. Бірінші секіруіміз онша ұқсамай қалды. Екіншісінде бапкерлеріміз бізге тапсырма берді. Болды, барлығын жаттығуда қайталаймыз, барлығы жақсы болады. Біз соны қайталадық, осы нәтижеге жеттік.
Айбек Намазбаев, тілші:
Сонымен қатар биатлоншыларымыз да жарады. Владислав Киреев биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды.
Бұл ел қоржынына түскен 3-ші алтын медаль. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.
Владислав Киреев, IХ қысқы Азия ойындарының жеңімпазы:
Басты мақсат – тек жоғары нәтиже көрсету болды. Бізде мұнда екі сайыс. Жекелей және командалық. Бүгін міне біз сәтті бастадық. Мен барлығын қатесіз орындадым десем болады. Жатып ату кезінде бір қателік жібердім. Ол кезде кенет жел тұрып, нысанаға көздеуге кедергі болды. Одан кейін тұрып атар кезде күн қарасып, көздеп атудан мүлт кетпедім.
Айбек Намазбаев, тілші:
Ертең шаңғы жарысынан эстафета және СКИ-Вльпенизмнен аралас командалық жарыстар жалғасын табады.
Айбек Намазбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08