Оралда жаңа экологиялық бекет ашылды
Оралда жаңа экологиялық бекет ашылды. Мұнда тұрғындар қағаз, пластик, металл сияқты тұрмыстық қалдықтарды тапсыра клады. Макулатураның келісі 30 теңге, пластикке 70 теңге беріледі. Бұған дейін ашылған бекеттерде күніне 80 адам қалдық тапсырып келген. Олардың 90 % балалар. Мұнда пайдаланылған күнбағыс майын да қабылдайды. Жергілікті кәсіпорын одан кірсабын өңдеп шығарады. Ал қағаз қалдықтарынан дәретхана қағазы жасалады. Экологиялық бекеттің ашылу рәсімінде балаларға қалдықтарды сұрыптау мен өңдеудің маңызы түсіндірілді. Мектептегі экологиялық үйірме мүшелері де өздері жинап әкелген тұрмыстық қалдықтарды тапсырды.
Темірлан Батыров, оқушы:
Біз осы осы макулатураны екі жыл сақтап келдік және бүгіннен бастап осының барлығын 5-ші шағын аудандағы экопунктке тапсырып жатырмыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00