Астанада гимнаст қыз бес метр биіктен құлап кетті
Астанадағы цирк сахнасында гимнаст қыз шамамен бес метр биіктен құлап кетті. Өнерпаз кезекті бір сахналық қойылымды орындау барысында арқаннан ұстай алмай, төмен қарай құлдилаған. Оқыс жағдай көрермендердің көз алдында болды. Әріптестері оны сахнадан алып шығып, жедел жәрдем шақыртқан. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бойжеткеннің миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған. Бірақ өміріне қауіп жоқ, жағдайы бірқалыпты, - дейді. Қазір оқыс оқиғаның себебі анықталу үстінде.
Ал Ақтөбеде жас жол инспекторлары жарысында 13 жастағы оқушы велосипедтен құлап, мұрнын сындырған. Куәгерлердің айтуынша, басы айналып, жүрегі айныған. Осының салдарынан велосипедтің тізгініне ие бола алмай қалғаy.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00