Ақнәр Хамиттің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ақнәр Хамиттің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 жастағы бойжеткен былтыр жазда Алматыдағы тұрғын үй кешенінің 7-қабатынан құлап қаза тапқан еді. Бастапқыда бұл оқиға суицид ретінде тіркелген. Алайда марқұмның анасы мұнымен келіспеді. Денесінен азаптау іздерін көрдім деп күдік келтіріп, Ақнәрді құрбылары қасақана қатігездікпен өлтіргенін айтты. Анасының шағымынан кейін қалалық полиция тергеу жұмыстарын қайта бастады. Қазір куәлардан жауап алынып, бейнематериал зерттеліп жатыр.
Рустам Шәрібаев, қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда. Куәлардан жауап алынып, бейнежазбалар зерделенуде. Сонымен қатар соңғы процессуалдық шешім барлық тағайындалған сараптаманың нәтижесін алғаннан кейін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін қабылданады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12
ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға оқыту жобалары жалғасып жатыр
18.09.2026, 17:10
Халық кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала өкілдері кіреді
18.09.2026, 17:07
Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
18.09.2026, 17:05
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 17:03