Лос-Анджелесте 400-ге жуық адам қамауға алынды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында коменданттық сағаттан кейін сәл тыныштық орнаған. Алайда Америка қалалары ірі шеруге дайындалып жатыр. Сенбіде күллі ел аумағында Дональд Трамптың саясатына қарсы ауқымды митингтер өтпек. Наразылық акцияларының саны 1800-ден асуы мүмкін. Ал Лос-Анджелесте миграциялық рейдтерге қарсы 5 күндік шеру барысында 400-ге жуық адам ұсталған. Олардың 330-ы - заңсыз мигрант, 157-сі шабуылдар мен басқа да заң бұзушылықтар үшін қамауға алынды. Бір адам полиция қызметкерін өлтіруге әрекет жасады деген күдікке ілінді. Тәртіпсіздіктерді басуға ұлттық гвардияның 4 мыңға жуық жауынгері, теңіз күштерінің 700 қызметкері тартылған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13