Сенат жаңа Салық кодексін Мәжіліске қайтарды
Сенат бүгін жаңа Салық кодексін екі оқылымда қарап, жүзден астам түзету енгізді. Атап айтқанда, шаруа қожалықтарының табысы 230 000 айлық есептік көрсеткіштен асса 15% мөлшеріндегі жеке табыс салығын салу ұсынылады. Алайда қолданыстағы 70% жеңілдікті ескере отырып, нақты мөлшерлеме 4,5% болады. Ал Қазақстан қор биржасынан түскен дивидендтерге жеке табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар қымбат көлік, кеме мен ұшақ секілді сән-салтанат заттарына ішкі нарықта да салық салу қарастырылған. Бұдан бөлек, кемінде 10 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейтін кәсіпорындарды қосымша құн салығынан босату ұсынылып отыр.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Құжатта экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесі қарастырылып отыр. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы өндірушілеріне әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жекелеген салаларда жеңілдетілген мөлшерлеме белгіленді. Бүгін қаралған жаңа Салық кодексі ұлттық экономиканы серпінді және тұрақты дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13