Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҰҚК құрамына қосылады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына өтеді. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Президент бірқатар құрылымдық өзгерісті бекітті. Жарлыққа сәйкес, агенттік таратылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылады. Қауіпсіздік комитеті енді сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу мен қылмыстың жолын кесумен де айналысады. Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне – алдын алу, саясат жасау және үйлестіру міндеттері беріледі. Енді осы екі мекеме бір ай ішінде жаңа құрылым ережелерін және штаттық өзгерістер бойынша ұсыныстарды Президент қарауына енгізуі тиіс. Ал Үкімет 1 қыркүйекке дейін осы жаңашылдықтарды бекітуге арналған заң жобасын Парламентке ұсынуы қажет.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00