Қостанайдағы арнайы орталықта 9 жастағы баланың қолы сынған
Қостанайда ерекше күтімді қажет ететін тағы бір бала қолы сынып, ауруханаға түсті. Бұл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы осымен екінші жағдай. Бұған дейін 17 жастағы жасөспірімді мекеме қызметкері үтік басып, күйдірген еді. Бұл жолы аутизмге шалдыққан 9 жастағы тәрбиеленушіні санитар маман жұлқып палатадан шығарғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Өзінің айтуынша, жөргегін ауыстыруға тырысып, басқаларын оятпас үшін ойын бөлмесіне апармақ болған, ал бала қолын әжетханада жерге отырып қалып, абайсызда сындырып алған. Полиция аталмыш дерек бойынша іс қозғады.
Бауыржан Құсаинов, Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09