Алматыда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Алматыда тұрғындардың миллиондаған ақшасын алып, алаяқтық жасаған «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Әккілер өзін «YouTube», «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, адамдарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған.
Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы мол пайда тауып, табысқа кенелесіздер деп уәде еткен. Салымшылардың салған ақшасы 5 000 теңгеден 1 100 долларға дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00