Ақмола облысында тергеу жұмысын жеңілдететін цифрлық жоба іске қосылды
Ақмола облысында «Тергеуші көмекшісі» жобасы іске қосылды. Ішкі істер министрлігі тергеу жұмысын жеңілдету үшін жасанды интеллектке негізделген пилоттық жобаны әуелі Қосшы қаласында жүзеге асырмақ. Бастама – тергеу барысындағы құжаттарды реттеп, материалдарды автоматты түрде өңдейді. Сондай-ақ куәгерлердің сөзін салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтай алады. Аудио мен видеоны мәтінге айналдырып, тергеушіге нақты жоспар құруға көмектеседі. Мамандар жүйені әлі де жетілдірмек.
Дмитрий Кутняков, «Тергеуші көмекшісі» жобасының жетекшісі:
Жасанды интеллект негізіндегі көмекші бірнеше модульден тұрады. Олар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміндегі деректерді автоматты өңдейді, құқықбұзушылықты дұрыс саралайды. Және тағы да басқа қызметтер қосылған. Жоба 5 ай көлемінде жасалып шықты. Әзірге Қосшы қаласында іске асырылады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00