Түркістан облысында алаяқтарға алданбау жолдары түсіндірілді
Елімізде соңғы кезде интернет алаяқтарының көбейіп кетуінен қарапайым халық зардап шегіп отыр. Базбірі несие қарызына кіріп кетсе, енді бірі есепшоттарындағы қаражаттарынан қағылуда. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының прокуратура қызметкерлері мен полицейлері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Құқықтық сауатты арттыру мәселесін талқылады. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен басқосуда аудан прокуроры Руслан Әбдірайымов түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу мен заң талаптарын сақтау маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды мазалаған сауалдарға жауап берді.
Нұрсұлтан Байғұбаев, Қазығұрт АПБ учаскелік инспекторы:
Бізде өршіп тұрған интернет алаяқтық қылмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде жасы үлкен кісілер көп алдану фактілері болып жатыр. Алданбаудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды көшелерде, адамдар көп шоғырланған жерлерге түсіндірме жұмыстарын жасап жатырмыз.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00