Баянауылда тау жотасынан көлік құлап, 5 адам зардап шекті
Баянауылдағы Жасыбай демалыс айлағына апаратын бұралаң тау жолында көлік аударылып, 5 адам ауруханаға түсті. Көлік апатын туристер бейнекамераға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған. Онда Hyundai Tucson маркалы автокөліктің темір қоршауды бұзып өтіп, тау жотасынан аударылғаны анық көрінеді. Алдын-ала мәліметке қарағанда жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Қатты жарақаттанған 3 адам дереу Павлодарға жеткізілді. Екеуі Баянауылдағы ауруханада жатыр. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00