Қостанайда науқас дәрігерді соққыға жықты
Қостанайда науқас дәрігерді соққыға жықты. Операция жасап келген хирург науқастарды қабылдауды жалғастырмақ болғанда кезегін күтіп қалған азамат ашуға булығып, медицина қызметкерін ұрған. Есінен танған хирург қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.
Ксения Жылқыбаева, Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз хатшысы:
Бұл сұмдық жағдай. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлері тиісті шара қолданады деп сенеміз. Тұрғындарға тағы да ескерткіміз келеді, науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін күресіп жүрген дәрігерлердің жұмысына құрметпен қарауларыңызды сұраймыз.
Бауыржан Құсаинов, Қостанай облысының ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
«Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдікпен облыстың 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00