Зейнетақы жинағындағы ақшаны қандай қызметтерге пайдалануға болады?
Биыл зейнетақы және жәрдемақы төлеуге 5,9 триллион теңге бөлінді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 10 пайызға өседі.
Елдос Есенбол, тілші:
Зейнетақы жинағындағы жеткілікті шектен артылған сомманы әлі де емделу ақысын төлеу үшін және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға болады. Оны сәлден соң тарқатайық алдымен қандай қызмет түрлеріне тыйым салынғанын бір шолып өтсек.
Ең әуелі қыркүйекте зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге пайдалануға тыйым салынды. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі «тексеру барысында қаражаттың бір бөлігі алаяқтық схемалар арқылы шығарылғаны анықталды» деп түсіндірді.
2021 жылдан 2025 жылдың тамызына дейін жалпы сомасы 757 миллиард теңгені құрайтын 795 мың транзакция жүргізілген.
Тіс емдеуге тыйым салынғаннан кейін офтальмологиялық қызметтерге өтінімдер саны жеті есеге артқаны анықталды: бұрын айына 174 өтінім мақұлданса, кейін 1 200-ден асып кеткен.
Ал желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағындағы қаражатты қалпына келтіру және реконструктивтік, яғни пластикалық оталарға қолдануға тыйым салды.
Қажыгелді Шамбыл, экономист:
Зейнетақы қорынан өзінің функционалы инвестициялық табысты арттыру. Жұмыс беруші тарапынан зейнетақы жарналарын төлеп отыру, жұмыс істеуші азамат тарапынан жалақыны алып орнықты жұмыс істеу болса ал құзырлы органдар тарапынан бұл алаяқтықтың алдын-алу немесе себептерін жою. Сондықтан бұл ретте әр тараптың функционалы әртүрлі. Бір функционал дұрыс орындалмай жатыр деп барлығын бір арнаға тоғыстыру дұрыс емес.
Елдос Есенбол, тілші:
Сонымен зейнетақы жинағындағы шекті мөлшерден асқан қаражатты мынадай ем түрлеріне қолдануға болады:
Орфандық ауруларға бұл — өмірге тікелей қауіп төндіретін немесе мүгедектікке алып келуі мүмкін сирек кездесетін ауыр сырқаттар. Тізімде сондай-ақ радионуклидтік терапия және радио-йод терапиясы, радиохирургиялық емдеу және протон терапиясы бар. Бұның барлығы қатерлі ісікті емдеу амалдары.
Сондай зейнетақы жинағын ипотекасыз түпкілікті есеп айырысуға, ипотеканың бастапқы жарнасын төлеуге, ипотекалық қарызды ішінара не толық жабуға, ислам банктері арқылы үй сатып алуға, мемлекеттік немесе арнайы бағдарламалар аясында үйді алдымен жалға алып, кейін сатып алуға қолдануға болады.
Иә, тізім әлі де қысқа емес. Дегенмен біз тілдескен экономист Қажыгелді Шамбыл «алаяқтық үшін деп белгілі бір қызмет түріне шектеу қою Қазақстан жағдайында нонсенс» дейді. Қазіргі таңда барлық қаражат, банк шоттарындағы төлемдер салық органдарына көрініп тұр. «Сондықтан қаржылық алаяқтықпен айналысатын мекемені табу қиын емес. Жүйелі жұмыс болса» дейді ол. Маман пікірін тыңдап алсақ.
Қажыгелді Шамбыл, экономист:
Зейнетақы қорын пайдалану ол толыққанды дұрыс идея. Неге? Өйткені халықтың басым көпшілігінде депозит жоқ. Депозит көлемі өте азЭкономикалық дағдарыс деп айтпай-ақ қояйын бірақ стогнация бар ғой, оны мойындау қажет. Бұл ретте белгілі бір шектеу енгізген кезде ішінара бөлу қажет еді. Офтольмологияның ішінде катаракта, глаукома секілді ауруларға қатысты медициналық қызметтер, стоматология болса челюстная хирургия секілді күрделі операцияларға, егерде төтенше жағдайға түсетін болса арнайы пластикалық оталарға мүмкіндік берілуі қарастырылуы керек еді.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы есеп бойынша
еліміздезейнеткерлер – 2 млн 524 мың адам. Жиынтықзейнетақының орташа мөлшері
142 669 теңге. Оныңішінде ынтымақты зейнетақы – 95 096 теңге, базалықзейнетақы
– 47 573 теңге.
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиал
директоры:
Зейнетақы қорында мысалы сізде 5 миллион ақша жиналса соны 6,5 пайызға көбейтеміз. Шыққан сомманы 12-ге бөлеміз сол кезде азаматтың зейнетақысы шығады. Егер бұл зейнетақы көрсетілген күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болса онда 70 пайызға дейін толтырып төлейміз. Ең төменгісі бұл күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды. Теңгемен шақсақ ол 32 600 теңгені құрайды +Егерде 70 пайыздан жоғары болса сол жоғары болған ақша төленеді. Жыл сайын 5 пайызға өсіп отырады. Қосып отырамыз.
Елдос Есенбол, тілші:
6,5 пайызға көбейту дегеніміз – жинақтағы сомманың 6,5 пайызын есептеп алу. Мысалы зейнеткердің жинағында 5 миллион теңге болса оның 6,5 пайызы 325 мың теңге. Енді осы сомманы 12 айға бөлгенде 27 мың теңгеден келеді. Бұл күнкөріс деңгейінің 70 пайызына жетпейді. Яғни зейнетақы қоры қазіргі есеппен 32 600 теңгеге жеткізіп төлейді. Ары қарай жыл сайын бұл сомма 5 пайызға өсіп отырады. Ал «неге дәл 6,5 пайызын есептейді» деген сұрақ туындаса қор өкілі «зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін нормативтік актілерде осылай бекітілген. Көп елдерде де осындай тәсіл қолданылады» деп түсіндірді. Ал, жалпы зейнетақы қорындағы қазіргі қаражат пен есепшоттардың жағдайы мынадай:
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиал
директоры:
1 желтоқсандағы көрсеткіштеріне сүйене отырып айта кетуге болады бүгінгі күнде зейнетақы активтерінің соммасы 25 триллион, 800 миллиардтан астам ақшаны құрады.Бұл қаражат азаматтарымыздың жинақтары мен инвестициялық кіріс. БЖЗҚ бүгінгі күнде 18 миллион 150 мың зейнетақы шоты бар. Бұның ішінде азаматтардың жеке шоттары 12 миллион 700. Ал жұмыс берушінің төлейтін зейнетақы жарналары есептелетін шот ол 5 миллион 450 мыңды құрады. Бұл шоттардың саны күнделікті өзгеріп отырады. Өйткені бір шоттар жабылып жатады, қосымша ашылып жатады.
Елдос Есенбол, тілші:
Populatin pyramids сайтының ақпаратынша Қазақстан халқының 61,9 пайызы 1564 жас аралығында, яғни еңбекке жарамды жаста. Ал бүгінде Қазақстанда зейнеткерлер саны шамамен 2,5 миллион. Демек әрбір зейнеткерге шаққанда шамамен 3–4 жұмыс істейтін адам зейнетақы жүйесіне қатысуы тиіс. Осы ретте айта кету керек Қазақстандағы 2,5 миллион зейнеткердің тек 600 мыңы ғана Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы алады. «Қалған азаматтардың шотында қаражат жоқ немесе мүлде бұл жүйеге қатыспаған» дейді дейді қор өкілдері. Енді сол қордан қаражат алып отырған зейнеткерлердің градациясы мынадай.
Мұрат Шәріпов, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиал
директоры:
600 мыңға жуық зейнеткер БЖЗҚ зейнетақы алады. Соның ішінде 593 мыңы 100 мыңға дейінгі зейнетақы алады. Бұл енді азаматтарымыздың зейнетақы қорында жинаған ақшасына байланысты. 100 мыңнан 200 мыңға дейін алатын азаматтардың саны 3400 адам. 200 мыңнан 300 мыңға дейін алатын азаматтардың саны 240 адам. 300 мыңнан жоғары алатын азаматтардың саны 100-ден асады.
Елдос Есенбол, тілші:
Яғни осы соммаға мемлекет белгілеген базалық зейнетақы мен ынтымақты зейнетақы қосылады. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 993 мың, 818 мың, 635 мың, 565 мың, 560 мың теңге зейнетақы алатын зейнеткерлер бар. Бірақ мұндай «бай зейнеткерлер» бірлі-жарым ғана. Мысалы ең жоғары зейнетақыны тек бір адам ғана алады екен. Салыстырмалы түрде қарағанда қаржы саласында, тау-кен мен мұнай саласында және ұлттық компанияларда қызмет атқарғандар жоғары зейнетақы алады.
Қажыгелді Шамбыл, экономист:
Көптеген азаматтар 40 жыл, 30 жыл бойы еңбек етіп бірақ айлығы аз болғандықтан сәйкесінше төмен пенсияға ілініп қалады. Бұл ретте аға буын үшін 98 жылға дейін енгіліген солидарный пенсия дейді стаж бойынша енгізілген пенсия әжептәуір зейнетақыларын көтеріп белгілі бір жағдайларын өтеуші еді. Енді менің ойымша бұл мүмкіндікті енгізбесе де толыққанды талдау жүргізіп мүмкін қарастыру қажет.
Елдос Есенбол, тілші:
Ынтымақты зейнетақы 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтар үшін төленетінін ескерсек 2040 жылдан кейін азаматтарға тек базалық зейнетақы мен қордағы қаражаты ғана бөліп беріледі. Сол кезеңде зейнетақы градациясы қалай өзгеретіні қызық... Айтпақшы Ұлттық статистика бюросының жыл басындағы дерегіне сүйенсек Қазақстанда 300 мыңға жуық азамат зейнет жасына жетсе де жұмыс істеп жүр екен. Бұл негізінен жетіспеушіліктен бе, әлде белсенді қартаю ма? Оны көрермен өзі бағамдай жатар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы