Президент Алтын Орданың зияткерлік мұрасын зерделеуді ұсынды
Бүгін Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйлеп, «Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих» екендігін айтты. Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысты. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар және басқа да білікті сарапшылар бар. Президент мемлекет ісінде «Мәңгілік ел» идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагері екенімізді айтып, Алтын орданың зияткерлік мұрасын зерделеудің маңызына назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Алтын Орда қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді. Алтын Орда – Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын еркін жайлап, Ұлы дала төсінде билік құрған қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді, бұл – мойындалған тарихи дерек. Алтын Орда Батыс пен Шығысты жалғап, түрлі өркениеттердің дамуына, мемлекеттердің қалыптасуына ерекше ықпал еткен аса ірі саяси құрылым болды. Бұл да – дәлелденген дерек. Сондықтан Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық. Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15