Басты Жаңалықтар Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған

Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған

Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз есірткі тасымалы бойынша 36 факт анықталған. Ал Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз өткізуге қатысты 246 дерек бойынша кінәлілерге  сот шешімімен  15,9 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Олардан 9,77 тонна бензин, 25,7 тонна дизель отыны тәркіленді. Кеденшілер шекарадан заңсыз жолмен ақша тасымалдағандардың  да жолын кескен. Аап айтқанда тоғыз айда  осы іс бойынша сомасы 86,3 мың АҚШ доллары болатын 5 факті тіркелген.  Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жүргізген кезекті тексеру нәтижесінде салықтан жалтарып, түрлі заңбұзушылықтарға жол берген күдіктілердің жолына да тосқауыл қойылды.

Сәуле Шырынбекова, Түркістан облыстық МКД басқарма басшысы:

Тақырыптық тексеру нәтижесінде 1059 салықтық құқық бұзушылық анықталып отыр. Оның ішінде 479 кәсіпкер бақылау-касса машинасын қолданбау, 421 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс жасау, 23 салық төлеуші POS-терминал қолданбау және 136 салық төлеуші лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату барысында осындай кемшіліктер анықталды.

Бөлісу