Үкімет басшысы сауда желілері иелерін сынады
Сауда желілерінің иелері қазақстандық тауарларға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуі тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов сауда желілерінің қазақстандық өндіріс тауарларын орналастыруға қатысты тәсілдерін қайта қарау қажеттігін және отандық тауарлардан бұрын импорттық өнімге басымдық беруге жол берілмейтінін айтты. Жиын барысында Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, өңір әкімдіктерімен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, тауарлардың барлық санатын, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп пен тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын отандық өндірушілерге сауда алаңдарын жалға алудың қолайлы шарттарын ұсынудың нақты тетіктерін әзірлеу тапсырылды.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Халық тұтынатын тауарларды шығаратын отандық өндірушілер көп жағдайда сауда алаңдарына қол жеткізе алмайды, оның ішінде жалдау ақысының жоғары болуына байланысты қиындықтар да бар. Бұл ішкі нарықта қазақстандық өнімнің үлесін кеңейтуге кедергі келтіріп, оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сауда желілерінің иелері қазақстандық тауарларға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге тиіс деп санаймын. Отандық өнімнен бұрын импорттық тауарларға басымдық беру құқықтық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да дұрыс емес.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03