«Бейнеу – Сексеуіл» жолы өңірлерді байланыстыратын маңызды жоба
«Бейнеу – Сексеуіл» автожолы Маңғыстау мен Қызылорда облыстарын байланыстырып, еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыра түседі.
Жаңа магистраль пайдалануға берілген соң жол шамамен 900 шақырымға қысқарып,
жүк жеткізу мерзімі 5 тәуліктен 3 күнге дейін азаяды. Бұл – Ақтау мен Құрық
порттарына тасымалданатын жүк ағынын арттырып, өңірлердегі кәсіпкерлік пен
туризмнің дамуына серпін беретін маңызды жоба. Жаңа бағыт жүк тасымалын
ұлғайтып қана қоймай, жол бойындағы елді мекендердің дамуына, жаңа өндіріс орындарының ашылуына және өңірлер
арасындағы көлік қатынасының жақсаруына серпін бермек.
Бекмырза Еламанов, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Тың жерден салынып жатқан Бейнеу – Сексеуіл жолының 800 шақырымы 3-4 елді мекеннен өтеді мысалы. Біздің осы Арал ауданының өзінде Құланды, Ақбасты, Қосаман елді мекендер қанша жылдан бері елмен қатынасы қиын болып, бір қиындық шегіп жүр ғой. Осының барлығы елдің тұрмысын жақсартуға, халықтың жағдайын жақсартуға әсер етеді ғой.
Бекмұрат Жүсіпов, облыстық
коғамдық кеңестің төрағасы:
Жүкті тасымалдау ғана емес бұл соның айналасында бірнеше өндірістер дамиды. Барлық елдер арзан және тез соның ішінде қауіпсіз логистикалық транспорттық жолдарды іздеуде. Осы мүмкіндікті біз жіберіп алмауымыз керек. Осы кезде біз сапалы жол, сапалы логистикалық қызметтерді ұйымдастыра білсек, онда Маңғыстаудың біздің қазақстанның экономикасы үлкен өзіне пайда әкелуге мүмкіндік алар еді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05