Электораттың саяси белсенділігі артып келеді
Елдегі сайлаушылардың 70-76 пайызы дауыс беруге дайын. Өз таңдауын жасауға әсіресе ауыл тұрғындары мен аға буын өкілдері ерекше белсенділік танытады. Электораттың басқа бөлігі де алдағы саяси додадан толық хабардар. Бұл – елде жасалып жатқан саяси реформалар мен жаңғыртудың нәтижесі. Яғни қоғамның белсенділігі артып келеді. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осындай тұжырым жасап отыр. Саяси институт Өскеменде арнайы конференция өткізді. Оған тек шығыс өңірі ғана емес Астана мен Алматы және әр аймақтан сарапшылыр мен саясаттанушылар қатысты. Олар жаңа Конституция негізінде алғаш өткелі отырған сайлаудың маңызы мен ерекшелігіне тоқталды.
Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті
жанындағы СЗИ директоры:
Біздің институтымыз зерттеулерді ұйымдастырып әлеуметтік зерттеулерді,қазіргі адамдардың күтілімдерін қандай партияларға көзқарасы қандай екенін соны байқап жатырмыз. Жалпы біз байқағанымыз қатысу бойынша алдымыздағы 23 тамыз сайлау кезінде сұраған кезде тек біздің институт емес,басқа да институттар зерттеп отыр. Жалпы 70-76 пайызға дейін қатысады деп көздеп отырмыз. Менің ойымша бұл өте жақсы көрсеткіш.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03