Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Бүгін Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президент пен Премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады. Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03