Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
Алматының шығыс бөлігіндегі ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі үш жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде Aport Mall East сауда жасау орнынан бүкіл отбасының демалыс орталығына айналды. Мұнда халықаралық брендтердің дүкендерімен қатар аквапарк, балаларға арналған ойын-сауық орталығы және Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үлкен IMAX экраны бар кинотеатр жұмыс істейді.
Моллдың жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Бүгінде мұнда 100-ден аса халықаралық және жергілікті брендтің дүкені жұмыс істейді.
Сабыр Амантайұлы, Aport Mall East басқарушы директорының орынбасары:
Бізде тек қана шопинг емес, өзіміздің жақсы көретін аквапарк SanRemo-мыз бар. Жақсы көретін үлкен 16 залды Aport Cinema Halyk IMAX кинотеатрымыз бар. Және балаларға, жасөспірімдерп жақсы уақыт өткізетін Funky Planet ойын орталығы бар.
Ойын-сауық орталығы қала экономикасына оң әсерін тигізіп отыр. Жаппай сауда мен қызмет көрсету саласының өсуі жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерін көбейтуге және іскерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Дариға Нұрашева, Aport Mall East маркетинг және pr департаменті директорының орынбасары:
Осы жылдар аралығында моллға келушілер ағыны 30% артты. Жыл сайын 700 мың адам келеді. Орталықта Zara, Massimo Dutti, Nike, Puma, LC Waikiki және DeFacto сияқты танымал дүкендер бар. Биыл Reserved, Crocs, Swarovski, iSpace брендтері қосылды.
Туған күніне орай орталық қонақтарын тағы да қуантты. Шара аясында жалпы құны 10 млн теңгеден асатын 100-ден аса бағалы сыйлық пен ұтыс ойындары ойнатылды. Осылайша, Aport Mall East-тің дамуы қалалық орта сапасын жақсартып, отбасылық демалыс мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, Алматы мен жалпы ел экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы