Басты Жаңалықтар Құрама қоржынында – 14 медаль

Құрама қоржынында – 14 медаль

Күншығыс елінде жалауын желібреткен Азия пара ойындарының алғашқы жарыс күнінде жерлестеріміз толағай табысқа қол жеткізді. Дәл қазіргі сәтте құрама қоржынында: 3 – алтын, 5 –  күміс, 6  –  қола бар. Әсіресе, пара пауэрлифтинг өкілдері бүгін әлем назарын өзіне аудартты. Давид Дегтярев 192 келіні еңсеріп Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты. 10 метр қашықтыққа нысана көздеудің R1 санатында Еркін Ғаббасов 249,1 ұпай жинап, чемпион атанды. Бұнымен қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиадасына жолдама алды. Татами шеберлері де бүгін бабында екенін дәлелдеді. Альфия Тілекқабыл J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан өкілін тізе бүктіріп қолаға қол жеткізсе, 70 келіде, J2 тобында Ибрагим Нұрмаханұлы қарсылас шыдатпады. Сондай пара жүзуден жерлестеріміз ел қоржынына 2 қол медаль салды.

Бөлісу