Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр. Жобаны «Жасыл даму» Акционерлік қоғамы қаржыландырды. Нысан құрылысына 30-дан аса адам жұмылдырылған. Қазір іргетасы құйылып, қабырғаларының темір конструкциялары құрастырылып жатыр. Қазандық құрылылысы аяқталған. Құрылысшылар барлық жұмысты белгілінген мерзімде аяқтаймыз дейді. Қажетті метериалдар уақытында жеткізілген.
Кәдірхан Балықов, құрылысшы:
Мына металлоконструкцияны бітіріп, сэндвич панель, сондай жұмыстар жүреді. Ішке кіреміз, іште де жұмыс бар. Отопление бітудің аяқ жағында.
Зауыт құрылысы 2028-інші жылға дейін аяқталуы тиіс. Жобаның жалпы құны шамамен 10,3 млрд теңге. Жылына 42 мың тонна қағаз бен картон өнімдерін шығарады. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде, макулатураны қайта өңдеу көлемі ұлғайып, полигондарға жіберілетін қалдықтар азаяды. Қажетті шикізат еліміздің батыс аймақтарынан жиналады.
Диас Жұмағазыұлы, зауыттың бас инженері:
2025 жылы басталды құрылыс. ҚР Президентінің «Таза Қазақстан» жобасына байланысты «Жасыл даму» АҚ утильсбор есебінен бізге 10 млрд астам қаражат бөлінді. Сол бағдарламаның арқасында осы жоба іске асып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы