Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
Келесі жылы 77 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі. Президент Жолдауында маңызды мамандықтың мәртебесін арттыру жайлы тапсырма берген болатын. Бүгін Үкімет отырысында осы міндетті жүзеге асыру жолдары қаралмақ. Үкімет үйінен әріптесім Ернұр Медет тікелей эфирге қосылуға дайын. Ернұр, денсаулық саласына қатысты тағы қандай мәселе қаузалады?
Ернұр Медет, тілші:
Бүгін фармацевтика саласын жетілдіру жайы да қаралады. Еліміздің фармацевтика нарығы импортқа тәуелді екені рас. Дәрі-дәрмектің 85 пайызы шетелден келеді. Енді 2029 жылға дейін отандық дәрі өндірісін 50%-ға арттыру көзделген еді. Одан бөлек бұл бағыттағы басты өзгеріс – дәріні делдалдар арқылы емес, мүмкіндігінше тікелей өндірушінің өзінен сатып алу. Енді атқарған жұмыстар жайлы қазір жауаптылардың өзінен сұрап білеміз.
Ал Жолдауда медицина қызметкерлерінің жалақысы жайлы айтылған. Ол кімдерге қатысты?
Ернұр Медет, тілші:
Иә, дертке дауа іздеген дәрігерлердің жалақысы келер жылдан бастап 40 пайызға дейін өсуі мүмкін. Алайда бұл өсім барлығына бірдей қатысты емес. Қосымша ақы еңбек өтіліне қарай есептелмек. Сондай-ақ алдағы жыл ауқымды халықтық құрылыс деп жарияланғаны мәлім. Солардың қатарында әлеуметтік нысандардың үлесі басым. Елорда да балаларға арналған тағы 2 медициналық орталық салынады.
Жалпы, халық санының өсуі инфрақұрылымға түсетін салмақты да арттырып отыр. Сонымен қатар жедел-жәрдемді жетілдіру де осы жоспарға кіреді. Медицинада алғашқы көмек адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы