Басты Жаңалықтар Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын

Ақмола облысында соңғы 3 жылда 20 мыңға жуық орынға шақталған 24 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 9-ы «Жайлы мектеп».  Ал биыл өңірде екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қосшы қаласындағы 1500 орындық жаңа мектептің бүгінде шатыры жабылып, сыртқы және ішкі инженерлік желілер тартылуда. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары қатар жүріп жатыр. Білім ордасында бастауыш және орта буын оқушыларына арналған жеке кіреберістер, екі спорт залы, кітапхана және заманауи оқу кабинеттері қарастырылған. Мектеп аумағында спорт және ойын алаңдары, сондай-ақ воркаут аймағы абаттандырылады. Білім ордасының құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, оқушылар үшінші тоқсанда жаңа ғимаратта білім алады деп күтілуде.

Бөлісу