Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
Президенттің халыққа Жолдауын Сербия сарапшылары қызу талқылап жатыр. «Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру - елдің дамуын жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын арттырады», - дейді сербиялық медиа портал жетекшісі. Оның айтуынша, Жаңа Конституция қабылдап, мемлекеттік институттарды жетілдіру - заманауи мемлекеттің дамуындағы маңызды қадам. Елдің барлық бастамалары жоғары бағаға лайық деді.
Наташа Яковлевич, Serbia&World медиа порталының жетекшісі:
Жолдаудағы стратегиялық мақсаттар жоғары технологияларға, ғылым мен білімге негізделген экономика және заңның үстемдігі қамтамасыз етілген геосаяси ықпалы зор мемлекет құруды көздейді. Бұл – болашақ ұрпаққа жай ғана қаржылық жинақ емес, заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан, халықтың өмір сүру деңгейі жоғары елді мұраға қалдыруды көздейтін мақсат міндеттер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы