Депутат: Президент Жолдауы сапалы кезеңге жол ашады
Құрылтай депутаты Айдос Сарым Президент Жолдауындағы басымдықтарды атап өтіп, қазақстандықтарды ел болашағы жолында бірлік пен ортақ іске жұмылуға шақырды. Ол құжатта қамтылған маңызды бастамалар мен нақты мақсат-міндеттер қоғам тарапынан үлкен қолдау тапқанын атап өтті.
Айдос Сарым, Құрылтай депутаты:
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – жаңа жоспарларымыз бен іс-қимылымыздың доктринасы. Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр.
Сөзін қорытындылай келе Айдос Сарым Құрылтай Президент айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарламасын толық қолдайтынын, оны заңнамалық тұрғыда ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Ол осындай тарихи сәтте әр азаматты, тұтас қоғамды мемлекетіміздің өркендеуі үшін бірігуге, игі істерге тізе қосуға шақырды. Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бұл үндеу барлық фракция депутаттарының ортақ ұстанымы екенін айтып, әріптестерін Президент бағдарын қолдауға шақырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы