Банк дағдарысынан кейін Парагвай Президенті отставкаға кетті
Парагвай президенті Сантьяго Пенья отставкаға
кетті. Бұған елдегі ірі қаржы ұйымдарының бірі Ueno Bank-тің күйреуінен туындаған
дағдарыс себеп болды. Банк жұмысын тоқтатып, Орталық банктің басқаруына өткен.
Соның салдарынан үш миллионға жуық клиент жинақ ақшасына қол жеткізе алмай қалды.
Сантьяго Пенья 2025 жылға дейін аталған банктің акционерлерінің бірі болған. Ол
мүдделер қақтығысына жол берді және Ueno Bank-тің күйреуіне қатысты деректерді
жасырды деп айыпталып отыр. Пенья заңсыз әрекетке барғанын жоққа шығарды.
Елдегі тұрақтылықты, қоғамдық тыныштық пен демократиялық институттарды сақтау үшін
қызметінен кету туралы шешім қабылдағанын айтты.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Энергетиктің әсері мен әлегі
22.11.2026, 20:30
Шоттан шыққан сот: 400 дроппер түрмеде отыр
22.11.2026, 20:22
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:16
Құрылыс қарқынына отандық өндіріс ілесе ала ма?
22.11.2026, 20:10
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00