Главная Новости Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді

Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында биылдан бастап мектептерде құқықтық білім беру күшейтілді. 5-7 сыныптар үшін «Конституция негіздері», ал 8-11 сыныптар үшін «Заң және тәртіп» міндетті курстары енгізілді.

Ата-ананың жеке үлгісінен бөлек, бала бойында заңға құрмет пен жауапкершілікті  қалыптастырудың ең тиімді жолы - мектептегі жүйелі құқықтық тәрбие, - дейді ұстаздар. Сондықтан оқушыларға құқықтық сауаттылықты формалды ереже ретінде емес, күнделікті шешім қабылдау дағдысы ретінде меңгертуге тырысып жатыр. Сабақта балалар жеке жауапкершілік пен ортақ тәртіптің байланысын талқылайды. Заңға бағыну – тек шектеу емес, өз құқығың мен өзгенің қауіпсіздігін қорғау тәсілі екенін түсіндіреді.

Әмина Шаймұрат, мектеп оқушысы:

Менің ойымша, заңға деген құрмет кішкентайдан, тәрбиеден басталады. Яғни, кішкентайда ата-ана бізге бұны істеме, бұны жасауға болмайды деген  сияқты өзімнің өмірімді заңмен байланыстырғым келеді. Әділетті азамат болғым келеді,  сауатты азамат болғым келеді, құқықтық сауаттылығым мықты азамат болғым келеді.

Поделиться