Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық орталық ашылды
Жаңа орталықта логопед, дефектолог, психолог, сурдопедагог пен емдік массаж жасайтын медбике жұмыс істейді. Мамандардың барлығы кәсіби дайындықтан өткен.
Олар жылына сал ауруына шалдыққан, өзге де даму мүмкіндігі шектелген 100 балаға тегін көмек көрсетеді.
Кабинет заманауи оңалту құралдарымен, Монтессори материалдарымен жабдықталған. Ата-аналар үшін психологиялық қолдау клубы да жұмыс істейді.
Мұндай кабинет облыс орталығында алғаш рет ашылып отыр. Нысанның құрылысы мен жабдықтарын алуға облыс әкімдігі мен «Дара» қоры қолдау көрсетті. Ал, демеушілер сыйға инвокөлік тарту еткен.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03