Баянауыл ұлттық табиғи паркі директоры мен бөлім басшысы пара алу кезінде ұсталды
Заң қанша күшейтілгенімен жемқорлық, тойымсыздық сынды жаман әрекеттерге бой алдырған шенеуніктер айыл жияр емес. Павлодарда «Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі» директоры Болат Рахметов ұсталды.
Ол бұл қызметке екі жыл бұрын келген. Бір атап өтерлігі, Баянауыл аймақтағы туризм кластерін дамытуға қолайлы аумақ. Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері жағалауында демалыс орындары бар. Жаз келісімен туристер ағыла бастайды.
Ал, ұлттық парк табиғатты қорғау, экологиялық талаптарды сақтау және демалушыларға қызмет көрсету нысандарын салатын орындарды бөлуге жауапты мекеме. Бірақ, басшылық өз құлқынын көбірек ойлағанға ұқсайды. Құқық қорғаушылар директорды 500 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұстады.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15