Ақтөбе облысында малдарға пастереллезге қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде
Ақтөбе облысында белгісіз себептерден шығынға ұшыраған малдың саны 45-ке жетті. Әйтеке би ауданының «Құмқұдық» шаруа қожалығы 29, «Шыңғыс» қожалығы төрт жылқысынан айырылды.
Сондай-ақ, көршілес жатқан Ырғыз ауданында 10 сиыр мен үш жылқы қырылған.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл жерлерге ветеринар мамандар мен Алматыдан арнайы келген ғалымдар тобы барып, сынамалар алған.
Оның нәтижесі алдағы 3-4 күнде ғана белгілі болады. Қазір екі аудандағы ірі қара малдарға пастереллезге қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде.
Жақсыбек КЕМАЛ
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15