ШҚО-дағы Үржар ауданында 4 жылдың ішінде 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған
«Ақберлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылы құрылған. Науалы ауылындағы жұмыссыз жүрген 10 азамат «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы көлемді несие алған.
«Бірлесе іс бастаймыз» деп ұйымдасқан азаматтардың әрқайсысына 3 миллион теңгеден қаржы берілді. Оған 70-ке жуық бие сатып алынған. Енді серіктестік қымыз өндірісімен айналысып отыр.
Серіктестік құрылғалы 22 адам жұмыспен қамтылған. Түгелдей тұрақты жалақы алып тұрмысын түзеді.
«Ақберлі» серіктестігі бүгінде сауған қымызды арнайы құтыларға құйып саудаға шығарып отыр. Осылайша бірлескен кәсіпті дамыта бермек.
Жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы басталғалы 4 жылда Үржар ауданында 412 адам шағын несие алып, кәсіпкер атанған.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08