Қостанайда қатты жел бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкетті
Кеше кешкі сағат 6-ның шамасында қалада дауыл тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауды. Желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жеткен. Алапат құйын облыс орталығының солтүстік-батыс ауданындағы 37 үйдің шатырын ұшырып әкеткен. «Бүлінген құрылыс аумағының жалпы көлемі 1500 шаршы метрден асады», - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.
Кей жерлерде үйлердің шарбақтарын құлатып, ағаштарды түбірімен қопарып кеткен. Ең бастысы, адам шығыны жоқ. Дауылдан бір адам ғана жеңіл жарақат алды, оған жедел медициналық көмек көрсетілді. Табиғи апаттың залалын жоюға 25 техника, 85 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда арнайы жасақталған комиссия материалдық шығынның көлемін есептеп жатыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15