Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды
2013 жылы Петропавлда кәсіпкерлерге құзырлы органдар 1655 тексеріс жүргізген. Оның 47 пайызы, яғни әрбір екіншісі жоспардан тыс. Бұл тексерістердің басым бөлігі санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау мен салық органдарына тиесілі.
Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойды. Мақсат – бизнес қауымдастығының жұмыс істеуіне тосқауыл болатын жосықсыз тексерістерді азайту, бірлесе жұмыс істеу және ақпарат алмасу. Осылайша еңсесін енді тіктеп келе жатқан кәсіпорындар мен өнеркәсіптің дамуына жол ашу. Қазір өңірде 22 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген.
Айдос Кеңпейілов, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 1-ші басқармасының прокуроры:
Өткен жылы прокуратураға кәсіпкерлердің құқығына қол сұққандар бойынша 53 арыз-шағым келіп түсті. Олардың барлығы да тиянақты зерттеліп, заңсыз тексеріс жүргізген жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Ал тексеріс туралы актілер күшін жойды.
Жеңіс Қазиев, Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Қазіргі күні біздің кәсіпкерлерге қатысты өзекті мәселелер энергетикаға, пос-терминалдарды орнатуға қатысты туындап жатыр. Кейбір құқықтық актілер мен заңдар бойынша біраз кедергілер келтірілуде. Осы меморандумның арқасында проблемалар шешіледі деп ойлаймын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19