Қала құрылысы кадастры бір жүйеге түседі
Қала құрылысы кадастрының вертикалды жүйесін құру қолданыстағы салалық ақпараттық жүйелер арқылы жергілікті және орталық атқарушы органдардың байланысын реттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қызылорда қаласында Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің қатысуымен өткен селекторлық мәжілісте айтылды.
Министр атап өткендей, бүгінгі күні қала құрылысы кадастрын барлық деңгейде жүргізу өте маңызды. Осыған орай биылдан бастап Астанада жылжымайтын мүлік нысандарына жапсарлас салынған құрылыс түрлерінің мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізіледі.
Бұл жергілікті атқарушы органдарға қаланың белгілі бір ауданында шағын және орта бизнестің дамуы туралы ақпарат алуға, сонымен қатар рұқсат етілмеген сыртқы жарнама туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Ал Қызылордада құрылған мемлкеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі облыс орталығын дамыту бағытындағы негізгі құрал.
Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі
Селекторлық мәжілісті біз бекерден-бекер Қызылорда қаласында өткізіп отырған жоқпыз. Астанамен қатар, Қызылорда қаласы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қалыптастыру барысында табысты жұмыс істеп келеді. Ең бастысы - бірыңғай жүйе қалыптастыруға бұл аймақтар толықтай сәйкес келеді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19