Агроөнеркәсіптің аумағы кеңімек
Жамбыл облысында аграрлық саланы өркендетуге байланысты тың бастамалар қолға алынғалы жатыр. Ірі жобаның бірі Шу ауданында жүзеге аспақшы.
10 мың гектардан астам алқапта бау-бақша мен көкөніс өсірілетін болады. Аймақ бақша кластерін дамытуға аса қолайлы, ағын су жеткілікті. Оның үстіне аудан тоғыз жолдың торабында. Өсірілген өнімді тасымалдауға, саудалауға қолайлы.
Инвесторлар ұсынған тағы бір жоба - «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының бойында шағын отбасылық фермалар ашу ісі. Халықаралық дәліз болып отырған күре жол бойында жылыжайдан және төрт түліктен алынған өнімді саудалауға болады.
Соның арқасында біраз адам жұмысты болады. Еңбек етіп пайда табады. Жол бойына орналасатын фермаларды инвесторлар салып береді.
Барлықжан Нүкенов, инвестор:
Ірі қараны бордақылап, сиыр сүтін сатып отырса, оның жылдық пайдасы 100 мың долларға дейін жетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19