Экспорт көлемін еселеу керек (толығырақ)
2014 жыл еліміз үшін экономикалық тиімді жыл болады. Елбасының 2050 жылға дейінгі Стратегиясында түзілген экономикалық тапсырмалардың да бірсыпырасы биыл орындалады.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономикалық зерттеу институтының сарапшылары елдегі экономикалық ахуалды жоғары бағалады.
Қазірде Қазақстан экономикасы тұрақты. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, аталған салада ілгерілеу байқалады. Экономика өсімі 6 пайызды құрап, инфляция төмен деңгейде сақталған.
Алайда, алда атқарар шаруа да шаш етектен. Кез келген елдің экономикасы оның экспортына тікелей тәуелді. Бізде де солай. Алаңдататыны, шетел нарығында қазақстандық тауар аз. Сондықтан, отандық экспортты еселемесе болмайды.
Мақсат Мұқанов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы:
Қазіргі басты міндет - тартылған инвестицияларды қайта өңдеуші секторға қарай ойыстыру. Мұнда инвесторлармен жұмыс істей білудің де маңызы зор. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге инвестициялық жеңілдіктер мен салық салуда қолайлы жағдай қарастырылған. Алдағы міндет - бәсекелестікке ұмтылу.
Бүгін сондай-ақ, Орталық коммуникациялар қызметінде Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов те брифинг өткізді.
Ректордың айтуынша, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін техника және технология саласына қажет мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлу керек.
Мысалы, АҚШ-та техника мен технология саласындағы мамандардың үлесі - 24 пайыз, Еуроодақ елдерінде - 36 пайыз, көрші Ресейде - 31 пайызды құрайды. Ал бізде бұл көрсеткіш 18 пайыз ғана. Сондықтан, инженерлер мен техникалық кадрларды көбірек даярлау қежет,- деді ректор.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08