Кентау трансформатор зауыты жанынан жаңа цех ашылды
Еліміздегі бірегей кәсіпорын - Кентау трансформатор зауыты қанатын кеңге жайып келеді. Трансформаторлық жабдықтар мен электротехникалық тауарлар шығаратын зауыт «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 1 миллиард 200 миллион теңге көлемінде төмен пайызбен несие алып, шағын 3 цехті іске қосты.
55 жылдық тарихы бар трансформатордың 300-ден аса түрін шығаратын зауыт қазір шикізаттың 20 пайызын сырттан әкеледі. Бірақ, бірер жылда қажеттінің бәрін өздері дайындамақ.
Әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының соңғы үлгідегі қондырғыларымен жабдықталған зауыт жылына 3 мың дана трансформатор шығаруды жоспарлап отыр.
Серғазы Күнтуаров, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ атқарушы директоры:
Кеден одағы жақсы мүмкіншілік берді. Көп тауарды Ресейден аламыз. Себебі, бізге үлкен жеңілдікпен береді.
Бұл зауытта 1300 адам жұмыс істейді. Дені - жастар. Солардың бірі - Айжан Жаңабай. Алты жылдық жұмыс өтілі бар бойжеткен баспанамен қамтамасыз етілген. Бұған дейін таңсық болған технологияны жетік меңгерген ол, жалақым да жақсы, дейді.
Айжан Жаңабай, жетекші инженер:
Қазіргі таңда бізге Италиядан, Германиядан келіп жатыр. Оның бәрін жас мамандар үйретеді. Оқытады, шетелдерге жібереді.
Кентау трансформатор зауыты еліміздің осы өнімге сұранысын 70 пайызға қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, бұл өнімдер әрісі Ауғанстан мен Орталық Азия, берісі Ресейге экспортталады.
Трансформатордың кейбір қосалқы бөлшектерін сырттан әкелуді азайту мақсатында 3 цех іске қосылды. Онда 110 жұмыс орны ашылды.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08