Басты Жаңалықтар «Ақ халатты абзал жандар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Ақ халатты абзал жандар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Ақ халатты абзал жандар». Осындай атаумен елімізде журналистер арасында республикалық конкурс екі ай бұрын басталған еді. Атауынан аңғарғандай-ақ, байқау денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысын барынша көрсетуге негізделген. Сондай-ақ, жуналистер жарысы Астананың 20 жылдығына арналыпты. Бүгін сол конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Жалпы, еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен аса жұмыс жиналған екен. Солардың арасында үздіктері жүлделі орындарға ие болды.

Бақытжан Тәжібай, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары:

- Мұндай конкурсты біз әлі де жалғастырамыз деп ойлаймыз. Өйткені, медицина саласындағы қызметкерлердің беделін көтеру үшін осындай конкурстар өте қажет.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу