Тайваньда пойыз апатынан 22 адам қаза тапты
Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 22 адам қаза тапты. 178-і жараланған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, жолаушылардың тең жартысы үйінді астында қалып қойған. Апат Тайпейден 70 шақырымда болды. Темір жол экспресінің барлық 8 вагоны рельстен тайған. Пойызда барлығы 366 жолаушы болды. Әзірге, төтенше жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, куәгерлердің сөзінше, алдымен қатты шу естіліп, кейін от ұшқындары мен түтін көрінген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12