Стамбулда әлемдегі ең ірі әуежай ашылды
Нысанды ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі ашты. Жаңа авиациялық кешеннің атауы – «Стамбул әуежайы». Әзірге, оның бірінші сатысы іске қосылады. Қарашада ол ішкі бағыттар бойынша жұмыс істей бастап, бірінші ұшақ рейстері Анкара, Анталья мен Измирге аттанады. Ал, тұңғыш халықаралық рейстер Баку мен Солтүстік Кипрден басталады. Әуежай 2023 жылға таман толық жұмыс істейді. Ол 76,5 млн. шаршы метр аумақты алып жатыр. Әуе хабында 6 ұшу-қону жолағы бар. Жыл сайын Стамбул әуежайы» 200 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды
25.11.2026, 17:25
Ресейде қазақ мәдени ұйымдары көбейіп келеді
25.11.2026, 17:24
СҚО су құбырларын жаңартады
25.11.2026, 17:23
1300 жас маман мемқызметке конкурссыз қабылданды
25.11.2026, 17:22
Қазақстан ТМД ішінде ең білімді елге айналды
25.11.2026, 17:20
Шипажайлардың жұмысын реттейтін заң өзгеруі мүмкін
25.11.2026, 17:19
«Халыққа жақын» жобасы Сыр өңірінен басталды
25.11.2026, 17:17
Қазақстанның зейнетақы мөлшері ТМД елдері арасында 4-орында
25.11.2026, 17:15