Италияда қолайсыз ауа райы 12 адамның өмірін қиды
Олар Сицилиядағы су тасқынынан қаза тапқан. Құрбан болғандардың 9-ы - бір отбасының мүшелері. Италияда өткен аптадан бері жалғасып жатқан күшті жел мен тасқын құрбандарының саны осымен 30-дан асып отыр. Олардың арасында жай түсіп, қаза тапқандары бар. Бірнеше күн қатарынан жауған жауын-шашын соңы селге ұласқан. Су автотрасса мен темір жолдарын шайды. Күшті жел екпінінен ағаштар құлаған. Қазір мұнда ондаған мың адам электр жарығынсыз отыр. Қолайсыз ауа райынан экология айтарлықтай зардап шегіп, елге 1 миллиард еуродан астам шығын келген.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12