АҚШ-та орман өртінен 1200-ден астам адам жоғалды
АҚШ-тың солтүстігінде орман өртінен 9 күнде із-түзсіз жоғалғандар саны 1200-ден асты. Құрбан болғандардың саны 76-ға жетті. Әзірге жоғалғандар саны неге тез өскені белгісіз. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, тізімдегі кейбір адамдардың есімдері қайталануы мүмкін. Қазір тілсіз жау шарпыған жерлерге жүздеген құтқарушы мен із-түзсіз кеткендерді іздейтін арнайы иттер жұмылдырылды. Соңғы деректерге қарағанда, 12 мың ғимарат пен 26 мың гектар жер өртеніп кеткен. Тілсіз жаудан әсіресе, штаттың солтүстігіндегі Кэмп, Вулси және Парадайс қалалары көп шығынға батып отыр. Таяуда ел президенті Дональд Трамптың өзі Калифорнияға арнайы сапармен барып, зардап шеккендермен кездесіп, мән-жайды біліп қайтты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58