Басты Жаңалықтар Рим Папасы алғаш рет Бірікке Араб әмірліктеріне  сапар шекті

Рим Папасы алғаш рет Бірікке Араб әмірліктеріне  сапар шекті

Рим Папасының Біріккен Араб Әмірліктеріне тарихи сапары басталды. Франциск Араб түбегіне ресми сапар шегіп отырған алғашқы понтифик. Рим-католик шіркеуінің басшысы мінген ұшақ Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиге қонып, лауазымды мейманды тақ мұрагері Мұхаммед бен Зайд әл-Нахайян қарсы алды. Одан кейін Рим папасы Мысырдың Әл-Азхар мешітінің ұлы имамы және беделді сүннит уағызшысы Шейх ат-Таийбпен кездескен. Бүгін понтифик дінаралық кездесуге қатысады. Бұл елге аттанбас бұрын «Твиттерде» Франциск Әбу-Дабиге сапары арқылы мұсылмандармен диалог орнатуды көздейтінін жазған еді. Сонымен бірге, сейсенбіде понтифик спорттық алаңдардың бірінде дұға оқып, оған 135 мыңдай католик қатысады деп күтіліп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу