11 мың адам эвакуацияланды
Мексика астанасындағы испаниялық банк кеңселерінен 11 мың адам эвакуацияланды. Өйткені, белгісіз біреулер ғимараттардың бірінде бомба бар деп хабарлаған. Ескертулер электронды хат пен телефон арқылы түсіпті. Осыдан кейін оқиға орнына жарылғыш заттар жөніндегі мамандар тобы жіберілді.
Алайда, екі сағаттық тексерістен кейін олар ештеңе таппаған. Сондықтан, полицияның айтуынша, дабыл жалған болуы мүмкін. Сондай-ақ, банк өкілдері де төнген қауіпті шынайы деп санамайды. Дегенмен, қаржы ұйымы қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіріп, жұмысын тоқтатты. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19